Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Өзбекстандағы тарихи Хива қаласына сапармен келді

Чавушоглу 1511-1920 жылдары Хива хандығының астанасы болған Хива қаласына сапармен келді.

07 Mart 2021 14:42

Өзбекстанға ресми сапармен келген Чавушоғлу Хива қаласының тарихи жерлерін аралау кезінде өзбек баспасөзіне сұхбат берді. "Бұл біздің ата-бабаларымыз қалдырған құнды қазына. Мен президент Шавкат Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін ерекше ризамын, Өзбекстанға келгенімізге өте қуаныштымыз" - деді ол.

"Хиваның құрметті азаматы" атағымен марапатталған Чавушоглу, мәдени тур аясында Ичан бекінісі, Нуруллабай сарайы, Калта минор (Қысқа мұнара), Жұма мешіті, Кохне Арк (Ескі Сарай), Пехливан Махмуд кесенесі секілді тарихи ескерткіштерімен танысты.

Чавушоглумен бірге Өзбекстан премьер-министрінің туризм жөніндегі орынбасары Азиз Абдулхакимов, Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Түркияның Ташкенттегі Елшісі Олган Бекар және басқа да ресми тұлғалар болды.

Өзбекстанның батысындағы Хорезм облысының інжу-маржаны ретінде танымал Хива бір кездері көпестер, қолөнершілер мен ғалымдар кезіп жүрген көшелердің тарихи келбетін сақтап қалуымен ерекшеленеді.

Қызыл түстермен басым болатын қала, елдің басқа қалаларымен салыстырғанда мүлдем басқа атмосферамен және ерекше сәулетімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Хива қаласында "0" санын тапқан және алгебра мен алгоритмдердің негізін қалаушы ретінде танымал әйгілі ғалым Эль Харезми және астрономия мен математика  ғылымдары саласындағы зерттеулерімен танымал ғалым Эль Бируни туып-өскен.

Хиваны көптеген мемлекеттер жаулап алуға тырысқан, XVII ғасырда қала Хива хандығының астанасы болды. Қала 1873 Кеңес Одағының бақылауына өтті.

Anahtar Kelimeler: Мевлют Чавушоглу, Түркияның Сыртқы істер министрі, Азиз Абдулхакимов, Абдулазиз Камилов, Олган Бекар,

Жаңалықтар