Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Өзбекстандық әріптесі Камиловпен кездесті

Түркия және Өзбекстанның Сыртқы істер министрліктерінің делегациялары арасында өткізілген кездесулер барысында Жоғары Деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жоспарлары талқыланды

09 Mart 2021 15:23

Анкара мен Ташкент халықаралық аренада саяси қарым-қатынастарын нығайтуды жоспарлауда. 

Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу, Ташкентте өзбек әріптесі Абдулазиз Камиловпен бірлескен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Келіссөздер шеңберінде министрлер "2022-2023 жылдарға арналған Түркия мен Өзбекстан СІМ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына" және "Түркия мен Өзбекстан СІМ арасындағы аударма қызметтері саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға" қол қойды.

Чавушоглу өзбек тарапына өз атынан және делегаттар атынан жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді. 

Түрік СІМ басшысы өзбек әріптесімен бірге Самарқанда Түркияның Бас консулдығының ашылу рәсіміне қатысқанын, оны құру туралы шешімді екі елдің президенттері бірлесіп қабылдағанын еске салды.

"Біз Ташкентпен ғана емес, Өзбекстанның барлық қалаларымен тығыз байланыс орнатылады деп үміттенеміз" - деп жалғастырды министр.

Министрдің айтуынша, Ташкенттегі келіссөздерде кең ауқымды мәселелер, соның ішінде көлік, мәдениет және қорғаныс саласындағы ынтымақтастық талқыланды.

Чавушоглу бірінші екіжақты саммитте қабылданған шешімдер мен қол қойылған келісімдер бойынша талқылаулар болғанын, екінші саммитке дайындық басталғанын атап өтті.

"Түркия президентінің Өзбекстанға сапары аясында екінші саммит өтеді. Біз бірқатар келісімдерге қол қою мүмкіндігін талқыладық. Мен бұл құжаттардың тізімін өзбек тарапына ұсындым. Біз өзбек тарапының ұсыныстарын ескеріп, саммитке дейін қорытынды келісімдер дайындаймыз" - деді Чавушоглу.

Министр Өзбекстандағы сапар аясында қол қойылған келіссөздер, Түркия мен Өзбекстанның сыртқы саяси кеңестері арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға көмектесетінін атап өтті.

Чавушоглудың айтуынша, тауар айналымының өсуіне ықпал ететін сауда келісімдеріне қол қойылады.

"Біз еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздерді бастауға ниеттіміз. Екі елдің сауда саласындағы әлеуетін іске асырудың маңызы зор. Түркия - Өзбекстанның бес негізгі сауда серіктестерінің бірі, ал инвестициялар жөнінде көшбасшы ел" - деді Чавушоглу.

Халықаралық ынтымақтастық саяси кездесулердің аясында Ауғанстандағы, Таулы Қарабақтағы және жалпы оңтүстік Кавказдағы ахуал тақырыптары күн тәртібінде болды, деп мәлімдеді министр.

Чавушоглу, Түркия Шевкат Мирзиеевтің басшылығымен өткізілетін реформаларды қолдайтынын мәлімдеді.

Камилов өз кезегінде Өзбекстанның халықаралық аренада Түркия Республикасымен стратегиялық серіктестікті бағалайтынын атап өтті.

"Өзбекстан - сіздің екінші отаныңыз. Бұл сіздің ата-бабаларыңыздың жері. Өзбекстанда Түркияның саясатын жоғары бағалайды және құптайды" - деді Өзбекстан Сыртқы істер министрі Камилов.

Жаңалықтар