Түркияның Сыртқы істер министрі Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тарапынан қабылданды

Қырғызстанға ресми сапармен келген Мевлют Чавушоглу, Садыр Жапаровпен кездесті

10 Mart 2021 14:34

Қырғызстан Республикасының президенттік баспасөзі хабарлағанындай, ресми кездесуде саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты нығайту тақырыбы талқыланды.

Кездесуде Садыр Жапаров биыл Қырғызстан-Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылға толғанын атап өтті.

Қырғызстан президенті іскерлік қатынастарды дамытудың, бірлескен кәсіпорындар құрудың және ауыл шаруашылығы, тоқыма, тау-кен өнеркәсібі, гидроэнергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын ескертті.

Екі елдің экономикалық әлеуетіне жауап беретін маңызды жобаларды жүзеге асыру қажет екенін атап өткен Жапаров, тараптар сауданың жалпы көлемін 1 миллиард долларға дейін арттыру үшін барлық күш-жігерді жұмсаудың маңыздылығын мәлімдеді.

Anahtar Kelimeler: Садыр Жапаров, Мевлют Чавушоглу, Түркияның Сытрқы істер министрлігі,

Жаңалықтар