Түркияның Түнжелі қаласында орналасқан Чемишгезекте көктем мерзімінің көркемдігі тамсандыруда

Көктемнің келуімен Түнжелі тарихи көрікті жерлерімен, сарқырамаларымен, бұлақтарымен және ежелгі көпірлерімен жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ айналадағы провинциялардан келушілерді қарсы алуда.

08 Nisan 2022 16:03

Сарп таулардың арасында орналасқан Түнжелі жылдың кез-келген уақытында кемпинг, треккинг және табиғаттың сүреттерін түсіруді жақсы көретіндердің сүйетін орны болып табылады.

Қаланың Чемишгезек ауданы өзінің табиғи сұлулығымен және тарихи көрікті жерлерімен ерекшеленеді.

7 мыңға жуық халқы бар ауданда Тағар алқабы, Ұзын Хасан кесенесі, Бекініс мешіті, Хамам-и Атик, Тағар көпірі, Хамидие медресесі үлкен туристік маңызға ие.

Көршілес провинциялардан келгендер мұнда бір күндік экскурсияларға қатысып, фотосессиялар өткізеді.

 

Жаңалықтар