Түркияның Трабзон қаласында Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылды

Қаратеңіз Техникалық Университеті Әдебиет факультетінің алдында өткен ресми рәсімге Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркия Мәжілісінің депутаты Айвазоғлу, Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі әлемі инженерлері мен сәулетшілері ынтымақтастығының Трабзон бөлімшесінің төрағасы Сайым Аданұр қатысты.

18 Şubat 2022 14:10

Түркияның Қара теңіз аймағында орналасқан Трабзон қаласында  ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлының бюсті тұрғызылды.  Атап айтқанда, бұл ұлы ақынымызға Түркияда орнатылған 6-ші бюсті.

Қаратеңіз Техникалық Университеті Әдебиет факультетінің алдында ұйымдастырылған ресми рәсім аясында бюсттің лентасы кесілді.

Салтанатты рәсімге қатысқан Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия Мәжілісінің депутаты Айвазоғлу, Трабзон қаласы әкімі лауазымына талапкер Атилла Атаман, Трабзон университеті ректорының орынбасары проф.доктор Хасан Карал, Қаратеңіз Техникалық Университеті ректорының орынбасары проф.доктор Халил Ибрахим Окумуш, Түркі әлемі инженерлері мен сәулетшілері ынтымақтастығының Трабзон бөлімшесінің төрағасы Сайым Аданұр сөз сөйледі.

Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және философы туралы ақпарат бере отырып, Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы іс - шараның маңыздылығын атап өтіп, былай деді: "Бір халықтың мазмұн-мағынасын олардың өткені, тарихы, тілі, діні ғана емес, сонымен бірге олардың ұлы тұлғалары білдіреді. Ғылым мен өнер қайраткерлерінің, ақындардың, мемлекет қайраткерлерінің рөлі зор. Бұл тұрғыда біз Абайды тек казактардың ішінде ғана емес, бүкіл түркі әлемінде және бүкіл әлемде таныстырғымыз келеді. Себебі Абайдың ие болған құндылықтары - бүкіл адамзаттың қастерлеуі керек құндылығы." - деп айтты.

"Абай қазақ тарихының қиын кезеңінде өмір сүрген. Ол кезде халқымыз патшалық Ресейдің отаршылығында, бір жағынан ағартушылықтың жоқтығына тап болған. Тіпті Абай өз халқын қатал сынға алса да, оның басты мақсаты - қазақ халқын ағарту және еңбексүйгіштікке үйрету болған. Абайдың тағы бір маңызды ерекшелігі - діни зияткерлігі. Ол дінді ақылмен, ұтымдылықпен, сүйіспеншілікпен және құрметпен зерттеген." - деп жалғастырды Сапарбекұлы.

Елші, сонымен қатар бюстті жасаған мүсінші Мұрат Мансұровқа алғысын білдіріп, "Біз Абайға байланысты Түркияда жалпы алғанда 5 ескерткіш тұрғыздық, бұл алтыншысы. Абай атында мектептер ашылып, көшелерге Абайдың аты берілді. ТҮРКІСОЙ ұйымымен бірге "Абайды еске алу" жылын ұйымдастырдық. Көптеген конференциялар өткізілді, арнайы басылымдар жарияланды. Абай туралы деректі фильмдер түсірілді. Біз Абай алдында борышымызды ешқашан өте алмаймыз. Ұлы ақынымыздың  қалдырған мұрасы жастарымызға үлгі болсын." - деп түйіндеді Елші. 

Жаңалықтар