Түркияның Ығдыр қаласында Наурыз мейрамы аталып өтілді

Наурыз мерекесіне арнайы ұйымдастырылған салтанатты бағдарлама аясында Түркі әлемінен келген әншілер мен бишілер өнер көрсетті.

21 Mart 2022 20:36

Ығдыр Әкімшілігі мен Әзербайжан Үйі тарапынан ұйымдастырылған іс-шара Мәдениет орталығының конференц-залында өтті.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан және Ирандан келген өнер адамдары ән айтып, би биледі.

Кейбір түркі халықтарының Наурыз дәстүрі болып табылатын "Оттан секіру" ойыны өткізілді.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген қонақтар Наурыз мерекесінің, сондай-ақ түбі түркі халықтардың бірлігінің маңыздылығына назар аударды.

Мереке түрік халқының дәстүрлі "халай" биімен аяқталды.

Жаңалықтар