ТүркПА Қазақстандағы референдум халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді

Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) байқаушы делегациясы елімізде өткен референдумның халықаралық стандарттарға сай өткізілгенін жариялады.

07 Haziran 2022 01:09

Түркияның "Ақ партия " саяси партиясының депутаты Режеп Шекер бастаған ТүркПА-ның байқаушы делегациясы 5 маусымда Қазақстанда өткен референдумды бағалау жөнінде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының ғимаратында кеңес өткізді.

Шекер мәлімдемесінде Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстаннан келген депутаттар 5 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше сайлау учаскелеріне барып: сайлау учаскелерін ашудан бастап дауыстарды санауға дейінгі барлық кезеңдерде дауыс беру процесін бақылағанын айтты.

"Түркияның бақылаушы делегациясы Қазақстандағы референдумның Конституция мен халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілді деп санаймыз." - деп мәлімдеді Режеп Шекер.

 

Жаңалықтар