Тәжікстанға ресми сапармен келген Мевлют Чавушоглу түрік кәсіпкерлерімен жиналыс өткізді

Түркияның Сыртқы істер министрі М.Чавушоглу, Тәжікстанда жұмыс істейтін түрік кәсіпкерлерімен кездесті.

29 Mart 2021 00:37

Жиналыс барысында Чавушоглу Түркіменстанға, Өзбекстанға және Қырғызстанға ресми сапармен барғанын, сонымен қатар Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілубердімен кездескенін атап өтті. Министр Орта Азия елдерімен қарым-қатынастарының нығайту жолындағы қадамдар туралы хабарлады. 

"Тәжікстан-Түркия" қарым-қатынастарына айтарлықтай үлес қосқан іскер адамдармен ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағаладық." - деп жазған министр Твиттердегі ресми парақшасында.

Азияның Жүрегі-Ыстамбұл Процесі 9-ші Министрлер Конференциясына қатысу мақсатымен Тәжікстанға келген М.Чавушоглу елде 28-30 наурыз арасы болады, деп мәлімденді.

Түркияның Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде ресми кездесулер аясында Чавушоглу өзінің тәжік әріптесі Сироджиддин Мухриддинмен кездеседі, сонымен қатар министрді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да қабылдайды, деп хабарлануда.

Сапар барысында екіжақты қарым-қатынастардың көптеген мәселелерін талқылау, өңірлік және халықаралық тақырыптар бойынша пікір алмасу күн тәртібінде болады.

Азияның Жүрегі-Ыстамбұл Процесі 9-ші Министрлер Конференциясы 30-ші наурызда өтетін болады.

 

 

Anahtar Kelimeler: М.Чавушоглу, Тәжікстан,

Жаңалықтар