Тәжікстан, Қазақстан және Ауғанстанға ұшақ рейстерін бастатқызды

Коронавирус эпидемиясына байланысты Тәжікстан, 2020 жылдың наурыз айында Қазақстан және Ауғанстанға баратын ұшақ рейстерін тоқтатқан еді.

03 Mart 2021 16:18

Тәжікстанның азаматтық авиация агенттігінің бас директоры Икрам Субханзаде, Тәжікстанның коронавируспен күресу жөніндегі комиссиясының шешіміне сәйкес бір жыл бұрын уақытша тоқтатылған Ауғанстан мен Қазақстанға баратын ұшақ рейстерінің, жағдайдың жақсаруына байланысты қайта басталатынын мәлімдеді.

Субханзаде 10 наурызда басталатын Душанбе-Кабул әуе рейстерінің аптасына бір рет жүргізілетінін және рейстер кейінірек көбейетінін айтты.

Душанбе-Алматы рейстерін "Сомон Эйр" авиакомпаниясы және Қазақстанның  "Эйр Астана" авиакомпаниясы орындайтыны хабарланды.

"Жолаушылар 72 сағат ішінде жасалған короновирус тестінің нәтижелерін көрсетіп, ұшу кезінде денсаулық ережелерін сақтауы керек" - деді Субханзаде.


"Ковид-19-ға байланысты ауруханаларда ем қабылдайтын пациенттер жоқ"

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 қаңтардан бастап елде жаңа вирус оқиғалары тіркелген жоқ.

Тәжікстанда вирус жұқтырған адамдардың саны 13 мың 308 болып тіркелген. Қазіргі уақытта елде  Ковид-19-ға байланысты жаңа науқастар жоқ.
 

Жаңалықтар