Тарих және табиғатымен танымал Шеки қаласы, Әзірбайжан

Көптеген тарихи ескерткіштері бар Шеки қаласы 2016 жылы ТҮРКІСОЙ тарапынан түркі әлемінің астанасы болып таңдалған.

23 Mayıs 2021 00:03

Кавказ тауларының етегінде орналасқан Шеки қаласында көптеген мешіттер, керуен-сарайлар, тарихи бекіністер, моншалар және басқа да ескерткіштер бар. Бұл кент Бакуден 370 шақырым алыстығында орналасқан.

Сонымен қатар, Шеки қаласы ерекше аспаздық және көркем мәдениетімен танымал.

1578 жылы Лала Мұстафа Паша Шеки қаласыны Осман империясының шекарасына қосты. 1745 жылы Хаджи Челеби Шеки хандығын құрды, бірақ бұл хандықтың өмірі ұзақ болған жоқ.

1805 жылы орыстардың қолына түскен бұл хандық 1819 жылы жойылып кетті. 1930 жылы негізі қаланған қала 1968 жылға дейін Нуха деп аталды.

Шеки өзінің ерекше үйлерімен, көшелерімен және табиғатымен Әзірбайжанның ең көне және туристік аймағы ретінде танымал. Шекиде көптеген мешіттер, керуен-сарайлар, сарайлар, моншалар және басқа да ескерткіштер бар, олардың тарихы ғасырлар бойы жалғасқан.

Шекиде мемлекет тарапынан қорғалатын 84 тарихи ескерткіш табылады. Олардың ішінде ең танымалы Шеки Хан сарайы.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енгізілген Шеки Хан сарайы, Әзірбайжанның ортағасырлық сәулет өнерінің маңызды ескерткіштерінің бірі болып саналады.

Жаңалықтар