Тарихи "Ичанкале" бекінісі Хива қаласының інжу-маржаны

Тарихи бекіністің ішінде әлі де адамдар өмір сүреді. Жалпы алғанда 2600 адам тұратын "Ичанкале", көптеген ғасырлар бойынша қалын қабырғаларының арқасында қарапайым халықты қорғаған.

26 Mayıs 2021 22:14

Ичанкале бекінісі уақытында Ұлы Жібек жолы бағытындағы маңызды саяси және мәдени орталықтардың бірі болып табылған.

Бекіністің ішіндегі ғимараттар мен ескерткіштердің арқасында Ичанкале "мұражай қаласы" мәртебесіне ие болған.

Ичанкале - қаланың ішіндегі кішкентай қала.

Хиваны екі бөлек аймаққа ажырату мүмкін: біріншісі - "сыртқы қамал", кент халығының ең үлкен бөлігі осы жерде тұрады. "Сыртқы қамалды" жаңа қоңыс деп санауға болады.

Ал ескі қалалық қонысы "Ішкі қамал" (Ичанкале) деп аталады. Хива қаласының бұл бөлігі көптеген тарихи бекіністермен қоршалған. "Ішкі қамал" тарихи ескерткіштерге толы тарихтен қалған мұра.

Қазіргі таңда Ичанкаледе 2600 жуық адам өмір сүреді. Тарихи бекіністің аумағында 54 тарихи сәулет құрылымы және 360 үй бар. Бұл жерге сырттан көшуге рұқсат берілмейді. 

Тарихи бекіністің қабырғаларының биіктігі 8 метр және қалыңдығы 5 метр. Жалпы 2 мың метрлік қабырғалармен қоршалған және барлық жағынан көптеген мұнаралар мен қақпалармен жабдықталған Иканкале, жаудың шабуылдарына қарамастан тарихта өз орнын алған.  

 

Anahtar Kelimeler: Ичанкале, Хива,

Жаңалықтар