Тарихи керуен сарай - Таш Рабат

Орта Азияның ең ескі сәулет ескерткіштерінің бірі Таш-Рабат керуен сарайы, беріктігі мен жұмбақты тарихымен қызықтырады.

26 Mart 2021 22:55

Орта Азияның ең көне тарихи-сәулет ескерткіштерінің бірі - Таc Рабат керуен сарайы өзінің беріктігі мен жұмбақ тарихымен қызықтырады.

Тарихи керуен сарай Қырғызстанның астанасы Бішкектен 520 шақырым алыстығында және көрші Қытай шекарасынан 80 шақырым жерде орналасқан.

Таш Рабат теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан және де Қырғызстандағы жалғыз жабық керуен сарайы болып табылады. Ерекше сәулетімен өзіне назар аударатын ғимараттың қашан жасалғаны белгісіз. 

Аталған керуен сарайы тарихи Жібек жолының Орта Азиядан шығу жолында орналасқаны мәлімденеді. 

Жергілікті деректерде, уақытында сарай буддисттік ғибадатхана, христиандарға тиесілі монастырь және Қарахан дәуірінде керуен-сарай ретінде пайдаланылған, деп айтылған.

Керуен-сарай қар мен дауыл сияқты қатал ауа-райында да пана ретінде міндет атқарғаны ойланылуда.

Қазіргі таңда сарай мұражайға айналдырған

Таш Рабат керуен-сарайы бүгінде мұражай ретінде қызмет етеді.

Төрт бұрышты құрылымды сарай оң және сол екі мұнара, күмбез, негізгі кіреберіс есік, шатырдың негізгі күмбезінің айналасындағы тар желдеткіш терезелер, ішіндегі ұзын дәліз, орталық зал және әр түрлі өлшемдегі терезелері болған 31 бөлмеден тұрады.

Керуен сарайының ішкі және сыртқы сәулеті 740-1212 жылдары Орта Азияда үстемдік еткен және 932 жылы Ислам дінін қабылдаған алғашқы түркі мемлекеті Қарахан дәуіріне жатады, деп ойланылуда.

Соңғы жылдары Түркиядан, Оңтүстік Кореядан және батыс елдерінен Таш Рабат керуен сарайын көру үшін көптеген туристер келуде.

 

Жаңалықтар