Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе

Гөбеклітепенің жұмбақ археологиялық ауданы-әлемдегі ең көне ғибадат орны.

03 Nisan 2021 00:55

Гөбеклітепе Шанлыурфадан шамамен 18 шақырым жерде, Өренжік ауданында орналасқан. Гобеклитеп археологиялық қазба жұмыстары 1995 жылы Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы мәдени құндылықтар мен мұражайлар басқармасының рұқсатымен басталды.  Қазба жұмыстарын неміс археологиялық институты мен Шанлыурфа мұражайы бірлесіп жүргізді, топтың жетекшісі неміс археологы, профессор Клаус Шмидт болды.

Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде бірқатар тарихи олжалар табылды. Олардың ішінде неолит дәуіріне жататын жабайы жануарлардың бейнелері, тігінен бүктелген "Т" тәрізді тастар, диаметрі 8-30 метр болатын дөңгелек және тікбұрышты пішінді ежелгі ғибадатханалар және шамамен 12 мың жыл бұрын жасалған ұзындығы 65 см адам мүсіні.

Шанлыурфада орналасқан Гөбеклітепе археологиялық ауданы 2018 жылдың 1-ші шілдесінде өткен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетінің 42-ші отырысында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді.

2019 жылы Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның қатысуымен Гөбеклітепе археологиялық ауданының ресми ашылуы өтті, 2019 жыл "Гөбеклітепе жылы" деп жарияланды.

Гөбеклітепенің жұмбақ ауданы қазіргі уақытта жергілікті және шетелдік туристердің бағыттарының бірі болып табылады.

Anahtar Kelimeler: Гөбеклітепе, Шанлыурфа, Түркия,

Жаңалықтар