Ташкент - Орталық Азияның ірі өнеркәсіптік және мәдени орталықтардың бірі

Өзбекстанның қазіргі келбетін бейнелейтін Ташкент құнды тарихи ғимараттарға толған ежелгі қала.

03 Haziran 2022 14:24

Ташкент - Өзбекстанның елордасы, Ташкент уəлаятының әкімшілік орталығы. 2006 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 2.1 миллион, бейресми деректер бойынша 3 миллионға дейін жетеді.

Орта ғасырлар заманында қала «Шаш» деп аталды. Кейінірек ол «Шаш қаласы» деген мағына беретін «Шашкент» деп атала бастады. Канд, қанд, кент, кад, кат, куд, осы жалғаулардың бәрі көне парсы тілінен алынған, ол қала дегенді білдіреді. Мысалы, Самарқан, Жаркент. Пенжікент сияқты қалалардың аттары осылай пайда болған.

16-шы ғасырдан кейін Шашкент деген атау «Ташкент» деген түрге өзгерді. Түсініксіз ескі атауына қарағанда жаңа атау («Тас қала») халық этимологиясының арқасында түсініктірек бола бастады. 

Ташкент қаласы Тәңір тауларының батыс етектеріне жапсарлас жатқан сулы жазықтықта, Шымкент-Самарқан жолының бойында орналасқан. Ташкенттің маңында Шыршық өзені тағы бірнеше өзендермен қосылады, сондықтан қаланың өзі қалың (15 метрге дейін) аллювийлі шөгінді жыныстардың үстінде жайғасқан.

Жаңалықтар