Татарстанда Наурыз мейрамы атап өтілді

Түркітілдес елдерінің ортақ мейрамы, көктемнің хабаршысы Наурыз мерекесі Ресей құрамындағы Татарстан Республикасының астанасы Қазанда атап өтілді.

25 Mart 2021 15:12

Қазан қаласындағы ипподром алаңында "Татарстан Халықтар Достығы Ассамблеясы" ұйымдастырған мерекелік іс-шаралар іске асырылды.

Көптеген түркі халықтарының өкілдері өз дәстүрлерін көрсетті, ән және би өнерін ұсынды. Сондай-ақ іс-шара аясында арнайы ұлттық тағамдар дайындалды.

Салтанаттық мерекеге Түркия, Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан Республикаларының Бас консулдары да қатысты.

Наурыз мерекесінде "Наурыз Сұлуы" және "Наурыз Батыры" атты конкурстар өтті, "Палау фестивалі" ұйымдастырылды. Ең дәмді палау дайындаған командаға үлкен палау қазан сыйға тартылды.

Соңғы жылдары Татарстанда мемлекеттің қолдауымен атап өтіле бастаған Наурыз мерекесі, 2020 жылы пандемияға байланысты атап өтілмеген.

Anahtar Kelimeler: Татарстан, Наурыз,

Жаңалықтар