Таулы Қарабақтағы жойылған қабірлер - армяндардың қатыгездігіне куә болған

Таулы Қарабақтағы және оған жақын провинциялардағы зираттарының халі басқыншылық кезеңіндегі армян күштерінің қатыгездігін көрсеткіші.

27 Şubat 2021 00:24

Армян күштері 1990 жылдары басып алған Әзірбайжанның елді мекендерін қиратты, сонымен қатар әзірбайжандықтардың зираттарын да жойған.
Әзірбайжан әскерлері өз аумағын оккупациядан босатқаннан кейін, аймақтағы армяндардың қатыгездігі одан да айқынырақ көрінді.

Фузули, Джебраил, Зенгилан, Губадлы және Агдам провинцияларындағы барлық елді мекендер оккупация кезінде тоналып, жойылды. Зираттары да жойылған бұл провинциялар "елес" қалаларға ұқсайды.


30 жылдан кейін тұған жеріне оралған әзірбайжандықтар зираттардың орнында жойылған қабірлерді ғана таба алды. Көптеген адамдар туыстарының қабірлерін мүлде таба алмады.

Джебраил провинциясының қалалық зираты  армяндардың қиратқан  зираттардың бірі ғана.

Үстінде Әл-Фатиха сүресі жазылған түркі қабірлер әдейі жойылған. Кейбір қабірлер болса қазылған түрде табылған. Зиратта ашық ауада табылған адам сүйектерін де кездестіруге болады.

- "Бұл вандализмнің ең жексұрын түрі"

Әзірбайжан Президентінің кеңесшісі Хикмет Хаджиев  оккупациядан босатылған аудандардағы барлық зираттар қираған күйде екенін айтты.

Хаджиев әзірбайжандықтардың оккупация кезінде вандализмге ұшырағанын атап өтіп: "Армяндар марқұмдардан да кек алғысы келген секілді, бұл вандализмнің ең жексұрын түрі. Бүкіл дүние бұны көруі керек."- деді ол.

 

Жаңалықтар