ТИКА Қазақстанда көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) "Рамазан" бағдарламасы аясында Қазақстанның көптеген қалаларында мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізді.

29 Nisan 2022 16:47

ТИКА биыл Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қостанай қалаларында жалпы алғанда 1250 адамға азық-түлік таратты.

Сонымен қатар, "Түркі әлемінің мәдени астанасы" ретінде қабылданған Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері үшін ауызашар дастарханы жайылды.

ТИКА-ның Стратегиялық даму бөлімінің басшысы Толга Кескин осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп келе жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, ТИКА білім беру, денсауылық сақтау, БАҚ және туризм салаларында халықаралық деңгейде қолдау көрсететін ұйым.

 

Жаңалықтар