tika

TİKA Қазақстандағы көмекке мұқтаж отбасыларға арнайы азық-түлік пакеттерді таратты

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) көптеген елдердің көмекке мұқтаж отбасыларына Рамазан айы бойынша арнайы көмек пакеттерді беруде.

30 Nisan 2021 02:07

Агенттіктің Қазақстандағы үйлестірушісі Исмаил Гюрлек көмек пакеттерінің тарату рәсімінде сөйлеген сөзінде бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, биыл азық-түлік жеткізудің кең ауқымды жобасын жүзеге асырғандарын айтты.

TİKA тарапынан 700 көмек пакеті Қожа Ахмет Ясауи университетінің студенттеріне берілді, жалпы алғанда 1200 көмекке мұқтаж адамға арнайы пакеттер берілді.

Елордада да көмек пакеттерін тарату жұмыстары басталды деп хабарланды.

Нұр-Сұлтанда мұқтаж отбасыларға көмек сәлемдемесін тарату басталды.

Айта кетейік, биыл Түркия үкіметінің қолдауымен TİKA арқылы 85 елде "Эренлер дастарханы" деп аталатын бағдарлама бойынша көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетілуде.

Anahtar Kelimeler: TİKA,

Жаңалықтар