Өткен жылы Исхақ Паша Тарихи сарайына келген туристердің рекордтық саны тіркелді

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы болып табылатын және Анадолыдағы Осман империясының ең көрнекті ғимараттарының бірі Ағрының Доғубаязыт ауданындағы Исхақ Паша Тарихи сарайына өткен жылы 226 мың 600 турист барды. Бұл соңғы 9 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

20 Mart 2022 12:35

Ағры облысының Доғубаязыт ауданындағы Исхақ Паша Тарихи сарайы - Шығыс Анадолы аймағының маңызды тарихи және туристік көрікті жерлерінің бірі. Ол сәулетімен, тарихымен және керемет құрылымымен ерекшеленеді. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам тарихи сарайды көру үшін келеді.

Қала орталығынан 7 шақырым жерде орналасқан сарай теңіз деңгейінен 1900 биіктікте салынған. Тарихи сарайда Османлы, Селжүк, Барокко және Рококо сәулетінің үлгілерін табуға болады. 

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген сарай мешіті келушілерді бөлмелерімен, қабырғаларымен, қабірлерімен, ішкі және сыртқы аулаларымен қызықтырады. 

Қабырғаларда Селжүк мәдениетінің іздерін көруге болады. Қабырғалар жоғары шеберлік үлгілерімен безендірілген. 

Тарихи сарай облыс туризміне маңызды үлес қосады.

Облыстық мәдениет және туризм басқармасының мәліметінше, 2012 жылы тарихи Сарайға 243 мың 873, 2013 жылы 96 мың 858, 2014 жылы 87 мың 172, 2015 жылы 44 мың 602, 2016 жылы 56 мың 484, 2017 жылы 92 мың 830, 2018 жылы 121 мың 94 адам келген.

2019 жылы ата-бабаларынан мұра қалған тарихи Сарайға 167 мың 871 турист келді, ал 2020 жылы індетке байланысты бірнеше рет келушілерге жабылған сайрайға 118 мың 63 адам келді.

2021 жылы тарихи Сарайға 226 мың 600 турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Жаңалықтар