Тоқаев: "Еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді"

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық саны туралы мәлімет берді.

04 Ağustos 2021 11:02

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.

Айта кетейік, 2020 жылы туған нәресте саны бойынша Қазақстанда рекорд жаңартылған болатын.

 

Жаңалықтар