Тоқаев ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыда болған әуе апаттың себептерін анықтау жұмыстары басталды

14 Mart 2021 12:51

Мемлекет басшысы ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тіледі.

"Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", - деп жазды Тоқаев ресми Twitter парақшасында. 

Айта кетейік, Алматы әуежайының мәлімдемесіне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 17.20 шамасында Нұр-сұлтан-Алматы рейсін жасаған Ан-26  әскери ұшақ радардан жоғалып кеткен. Қазақстан Ұлттық Барлау комитетінің Шекара қызметіне тиесілі ұшақтың авариялық қону кезінде құлағаны анықталды.
Ұшақ апаты салдарынан төрт адам қаза болып, екі адам жарақаттанды, жарақат алғандар бірден ауруханаға жеткізілді. 
Алматы қаласының Төтенше Жағдайлар Бөлімі апат орнына бригада жібергенін хабарлады.

Anahtar Kelimeler: Тоқаев, Әскери ұшақ апаты, Қазақстан, Алматы,

Жаңалықтар