15-19

Украина 15 миллион доза Ковид-19 екпесіні алады

Украина АҚШ-та орналасқан Новавакс биотехнологиялық компаниясындан 15 миллион доза Ковид-19 екпелерін алады.

22 Şubat 2021 16:59

Украинаның денсаулық сақтау министрі Максим Степанов "Новавакс" екпесі туралы келіссөздер сәтті аяқталғанын айтты.

"15 миллион екпе шілде айында жеткізіледі"- деді Степанов. 
 Үндістаннан тапсырыс берген "Ковишилд" вакцинасының 500 мың дозасының алғашқы 150 мыңдық партиясы бүгін Түрік Әуе Жолдарының ұшағымен Киевке жеткізілді.

Ковид-19 екпелеріне Жаһандық Қол Жетімділік бағдарламасы (COVAX) аясында 8-16 миллион доза алуды күтіп отырған Украина 2020 жылдың желтоқсан айында қытайлық Sinovac фармацевтикалық компаниясымен 1,9 миллион екпе дозасына тапсырыс беруге келісім жасады.

Жаңалықтар