500

Украина Үндістандан 500 мың доза коронавирус екпесі алады

Ақпан айында Украинаға екпелер жеткізілетін болады. 500 мың доза сатып алуға келіскен Украина бұл екпелерді алатын алғашқы ел болады.

21 Şubat 2021 13:03

Вакциналардың алғашқы партиясы жақын арада Украинаға жеткізіледі, деп хабарлайды Киевтегі Үндістан елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Ақпан айында Украинаға екпелер жеткізілетін болады. 500 мың доза сатып алуға келіскен Украина бұл екпелерді алатын алғашқы ел болады.

Жаһандық Екпе Қол Жетімділік Бағдарламасы (COVAX) аясында 8-16 миллион екпе алуды күткен Украина 2020 жылдың желтоқсанында қытайлық Sinovac Biotech фармацевтикалық компаниясымен 1,9 миллион екпе дозасына келісім жасаған.

Соңғы тәулікте Украинада 6 295 вирус оқиғасы тіркелді.

Жаңалықтар