Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен жасалған келіссөзден бас тартты

Украина ТМД аясында қол қойылған азаматтық және әскери мақсаттар үшін әуе кеңістігін пайдалану туралы екі келісімнен бас тартты. 

24 Şubat 2021 15:22

Украина Президенті Владимир Зеленский тиісті жарлықты бекіткені мәлімденген.

Жарлыққа сәйкес Украина 1991 жылы Минскіде және 1992 жылы Ташкентте ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) аясында қол қойылған азаматтық және әскери мақсаттар үшін әуе кеңістігін пайдалану туралы екі келісімнен бас тартты. 

Соңғы рет Украина 17-ші Ақпанда ТМД аясындағы пошта және электрондық байланыс саласындағы мемлекетаралық келісімінен де бас тартқан еді. 

Жаңалықтар