Украинада халықты эвакуациялау үшін уақытша атысты тоқтату енгізілді

Ресей Украинаның 5 қаласында бейбіт адамдардың эвакуациялануы үшін гуманитарлық дәліздер құрды. Ресей Қорғаныс министрлігі 9 наурызда Мәскеу уақытымен сағат 10-дан бастап Киев, Чернигов, Суми, Харьков және Мариупольде дәліз ашқанын хабарлады.

09 Mart 2022 18:56

7 наурызда Беларусьтың Брест облысында Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі өтті, нәтижесінде екі тарап гуманитарлық дәліздерді ашу туралы келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді.

Ресей Украинаның бірқатар қалаларынан бейбіт адамдарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздер іске асыратынын хабарлады. Ресей Қорғаныс министрлігі Киев, Чернигов, Суми, Харьков және Мариупольде дәліз ашты деп мәлімдеді.

Кешегі күні атысты тоқтату режимінің мезгіл-мезгіл бұзылуына қарамастан, азаматтарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялауға әрекет жасалды. 

Ресейдің Қорғаныс министрлігі бүгін Украинаның Киев, Мариуполь, Харьков, Чернигов және Суми қалаларынан азаматтарды эвакуациялауды жалғастыру үшін уақытша атысты тоқтатуды жариялады деп мәлімдеді.

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер

Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздерінің бірінші кезеңі 28 ақпанда Украина-Беларусь шекарасында өтті. Тараптар келісімге келе алмады. 

Беларусьтың Брест облысында Ресей-Украина делегациялары келіссөздерінің екінші кезеңі 3 наурызда өтті. Онда тараптар атысты тоқтату, бейбіт келісім жасасу және бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліз ашу мәселелерін талқылады.

Алайда атысты тоқтату шешімі бірнеше рет бұзылды, тараптар бір-бірін кінәлады.

Жаңалықтар