Украиналы қырым татарлары "Чанаккале Теңіз Жеңісінің" құрметіне ән орындады

Украинада тұратын қырым татарларының жастары 18 наурыз – шейіттерді еске алу күніне орай "Чанаккале" әнін орындады

19 Mart 2021 15:06

Қырым Татар мәдени және білім беру орталығының бастамасымен ("Қырым отбасы") режиссер Ахтем Сейтаблаев жастардың әнді орындағанына бейнеклип түсірді. 

"Қырым отбасы" қауымдастығының басшысы Анифе Куртсеитова, Анадолы агенттігіне берген сұхбатында, "Чанаккале" шайқасының қырым татарлары үшін де мыңызды болғанын атап өтіп, бұл себеппен осындай жобаны іске асырғандарын айтты. Курсеитованың айтуынша, жоба қауымдастықтың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

"Түркия қырым татарлары үшін өте маңызды. Біз және біздің балаларымыз Түркия мен түрік халқын өте жақсы көреміз. Осыған байланысты жоба біз үшін үлкен маңызға ие болды. Бұл біздің бүкіл түрік халқына сыйлығымыз." - деді ол.

Киевтегі Түркия Елшілігі ресми Twitter парақшасында бейнеклиппен бөлісіп, бұл жобаның қатысушыларына алғысын білдірді.

 

Anahtar Kelimeler: Қырым татарлары, Чанаккале Теңіз Жеңісі,

Жаңалықтар