Украинаның Сыртқы істер министрі Д. Кулеба: атысты тоқтату саласында ілгерілеу болған жоқ

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Анталиядағы үшжақты кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде "атысты тоқтату мәселесінде ешқандай ілгерілеу болған жоқ", деп мәлімдеді.

10 Mart 2022 14:49

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Анталиядағы үшжақты кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде "атысты тоқтату мәселесінде ешқандай ілгерілеу болған жоқ", деп мәлімдеді.


Украинаның Сыртқы істер министрі Д.Кулеба:

- Мен мәселелерімізді дипломатиялық жолмен шешуге тырыстым.

- Мен бұл кездесуге гуманитарлық мақсатпен келдім.

Атысты тоқтату туралы ұсыныс

- Біз атысты 24 сағатқа тоқтатуды ұсындық. Бұл ең шұғыл гуманитарлық жағдайларды шешуге бағытталған. Бірақ бұл мәселе бойынша прогресс болған жоқ.

- Бұл форматта жаңа келіссөздер жүргізуге болады... Ресей тарапы кездесуге дайын болған кезде мен де кездесуге дайынмын.

- Мен елімді Ресей оккупациясынан босату үшін күш-жігерімді жалғастырамын.

- Мен мұнда (Анталияда) шешім қабылдау және шешім табу үшін Сыртқы істер министрі ретінде келдім. Бірақ ол (Лавров) тек тыңдау үшін келген секілді.

Түркия делдалдығы

- Чавушоғлу біз үшін өте маңызды жұмыс жасады.

- Менің міндетім "гуманитарлық дәліз" туралы шешімге келу болды.

- Біз қазір соғысты тоқтата алмаймыз, өйткені қарулы шабуыл бастаған Украина емес. Біз қазір "өзімізді қорғаудамыз".

Гуманитарлық дәліздер

- Мен үмітімді үзгім келмейді. Біздің елде Ресей армиясының қолынан қаза тапқан, Ресейдің әуе соққысынан зардап шеккен көптеген адамдар бар. Мен мұны министр Лавровқа да айтты.

- Лавров бұл салада ешқандай уәде бермеді, алайда бұл мәселені тиісті органдармен талқылайтынын айтты.
ф
- Мен Лавровпен мыңдаған жазықсыз адамдардың атынан сөйлестім.

Чернобыль және ядролық қару

- Ресей армиясы біздің елге басып кіргенге дейін біздің атом станцияларымыз жұмыс істеген. Бұған дейін станцияларда ешқандай бұзушылық болған жоқ. Ресей армиясы ядролық электр станцияларымыздан шегінуі керек.

- Ресейдің Украинаның ядролық қару жасауға тырысып жатқандығы туралы мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.

- Қазір соғыс жалғасуда, біз өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуіміз керек.

Жаңалықтар