79

Қырғыз үкіметі Ирактан 79 қырғыз баланы алып келді

Ирактан Қырғызстан азаматтарының 79 баласы еліне оралды. Процес жүргізілуде болған "Мейірім" гуманитарлық миссиясы аясында өтті.

17 Mart 2021 14:26

Жүргізілген "Мейірім" гуманитарлық миссиясы аясында Ирактан Қырғызстан азаматтарының 79 баласы қайтарылды. Бұл туралы Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әуежайда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балаларға Көмек Көрсету Қорының қызметкерлері және де үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері балаларды сыйлықтармен қарсы алды.

Хабарланғандай, бүгін Бішкекке Ирактан арнайы борт ұшып келген.

Балаларды құтқаруға бағытталған гуманитарлық миссия сапасы мен ауқымы бойынша алғаш рет жүзеге асырылды, делінген Қырғызстан СІМ хабарламасында.

Мәлімдемеде Қырғызстан азаматтарына тиесілі балалардың елге оралуы биліктің саяси ерік-жігерінің, сондай-ақ Қырғызстан Үкіметінің үйлестірілуінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, құқық қорғау органдарының, Қырғызстанның Кувейттегі Елшілігінің және ЮНИСЕФ-тің тиімді жұмысы арқасында мүмкін болғандығы айтылған.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, ЮНИСЕФ серіктестілігінде 2018 жылдан бастап балаларды құтқару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Отанына оралған балаларға Қырғыз Республикасының үкіметі жан-жақты көмек көрсетеді. Оларды тез арада бейбіт өмірге қайтару бойынша барлық іс-шаралар жүргізіледі.

Қырғызстан үкіметі Сириядан балаларды қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

Жаңалықтар