Қырғыз әйелдерінің дәстүрлі бас киімдері.

Дәстүрлі бас киім қырғыз әйелдерінің мәртебесін және қай рудан шыққанын білдіреді.

04 Mayıs 2022 01:07

"Елечек"

Ежелде әйелдің тұрмыста болғаны осы бас киім арқылы белгілі болатын. Келіншектер елечекті тұрмысқа шыққан күнінде тағып, өмірі бойынша басынан шешпейді екен.

Бұл бас киімді тігу үшін 15-30 метрге жететін жұқа мата қолданылады және бұл мата ұзындығы бойынша жартысына бүктеледі. Ал бай әйелдердің елечектері 30-40 метр матадан жасалады және олардың мәртебесін көрсетеді.

Көшпелі өмір сүрген қырғыздар үшін елечек өте құнды болған. Көші-қон кезінде туылған нәрестелер осы бас киімден жыртылған ақ матамен оралған. 

Сәукеле

Ұзатылған қыз киетін, аса бағалы, биік төбелі салтанатты бас киім. Оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылары киген.

Тақия

Қыздар үш жасынан бастап бойжеткенге дейін киетін бас киім.

Жаңалықтар