18 Temmuz 2021 12:39
"Манас" дастаны өзінің ерекше көркемдік күшімен, ғасырлар бойы тарихтың қайғылы, ауыр оқиғаларының терең енуімен, мазмұнды, философиялық тұжырымдарымен, халықтың тағдырының барлық аспектілерінде: тұрмыстық, әскери, отбасылық мағынасында сирек кездесетін әлемдік поэтика ескерткіштерінің бірі болып табылады.
Дастан үш бөлімден тұрады: бірінші бөлімінде Манас батыр туралы айтылады, екінші бөлімінде оның ұлы Семетей, ал үшінші бөлімінде оның немересі Сейтек туралы айтылады.
Қырғыздардың танымал дастаны Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын дастан ретінде енген. Ал 2013 жылдың 4 желтоқсанында "Манас" ЮНЕСКО-ның адамзат мәдениетінің материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Осыған байланысты 2015 жылы Қырғызстанда 4 желтоқсан "Манас" күні болып жарияланды.
"Манас" дастаны халықтың ішінде ұрпақтан ұрпаққа беріледі, ал дастанды өлеңдетіп айтатын кісілерді "Манасшы" деп атайды.