Қырғызстан үкіметі ТҮРКІСОЙ ұйымының жаңадан сайланған Бас хатшысы Сұлтан Раевтың өмірбаянын жариялады

Қырғызстан үкіметі ТҮРКІСОЙ ұйымының жаңадан сайланған Бас хатшысы Сұлтан Раевтың өмірбаянын жариялады.

01 Nisan 2022 12:16

Раев Сұлтан Әкімұлы 13.07.1958 жылы Қырғызстанның Ош облысы, Қара-Суйский ауданы, Жоош ауылында дүниеге келген.

Қырғыз мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 

Жұмыс тәжірибесі:

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары (штаб – пәтері Ыстанбұл қаласы);

2016-2017 жылдары- Тарих және мәдениет жылын өткізу жөніндегі бас директор;

2013-2014 жылдары- Қырғызстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрі;

2011-2013 жылдары - Қырғызстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;

2007-2010 жылдары- Қырғызстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі;

2005-2006 жылдары - Қырғызстан Республикасы Үкіметі жанындағы мәдениетті дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы;

2004-2005 жылдары - Мәдениет пен өнерді қолдау қоғамдық қорының президенті;

2002-2004 жылдары- Қырғызстан Республикасы Білім және мәдениет министрінің орынбасары;

1991-2002 жылдары - "Кырғыз Рух" газетінің бас редакторы; 1989-1991 жылдары - "Асаба" газеті бас редакторының орынбасары.

1984-1989 жылдары - "Қырғызстан мәдениеті" газетінің тілшісі;


Марапаттар:

Шыңғысхан медалі;

Одақтық медаль (ҚР Президенті 2021);

Айта кетейік, ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының негізгі мақсаты түркі әлемінің мәдени өзара іс-қимылын жетілдіру, дамыту, сондай-ақ оны бүкіл әлемге танымал ету, мәдени интеграция процесін жандандыру болып табылады.

Жаңалықтар