Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Ресейде

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Ресейдің астанасы Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті

25 Şubat 2021 16:14

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 10-ші қаңтарда президенттік сайлауында жеңіске жетіп, 28-ші қаңтарда ант қабылдады. Жапаров алғашқы шетелдік сапары ретінде Ресейге келді.

Жапаровтың Ресейде екі күн өткізетіні анықталды, бірінші күні Ресей Президенті Путинмен кездесу өтті. 

Жапаровпен Путин арасындағы кездесу барысында саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ интеграциялық одақтар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Жапаров Мәскеудегі сапары аясында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен, Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен және ДУМАның төрағасы Вячеслав Володинмен, сондай-ақ ресейлік бизнесмендермен және Ресейде оқитын қырғыз студенттерімен кездеседі деп күтілуде.

"Біз стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырамыз" - деді Жапаров. 

Путинге Қырғызстандағы саяси дағдарысты шешуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіре отырып, Жапаров Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕЭО), Тәуелсіз Мемлекеттер ұйымымен (ТМД), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен (ҰҚШҰ) және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен (ШЫҰ) ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті.

Президент Жапаров Ресейге эпидемияға қарсы күресте қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, жақын арада вакцинация жұмыстарын бастайтынын атап өтті.

"Сіз елдегі саяси жағдайды қалыпқа келтіре аласыз деп үміттенеміз" - деді Ресей басшысы Путин. 

Путин, Жапаров бастаған конституциялық түзету Қырғызстанды тұрақтандырады деп үміттенетінін атап өтіп, Қырғызстанда орыс тілінің мемлекеттік мәртебесін сақтау екіжақты қатынастар үшін маңызды екенін атап өтті.

 

Жаңалықтар