2022

Қырғызстанда 2022 жыл "Таулы экожүйелерді сақтау және климатқа төзімділік жылы" деп жарияланды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2022 жылды "Таулы экожүйелерді сақтау және климатқа төзімділік жылы" деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

03 Şubat 2022 16:12

Қырғызстан Президенттінің баспасөз орталығының мәлімдемесінде климатқа төзімділікті арттыруға, табиғи мұраны сақтауға және "таулы экожүйесінің тұрақты дамуының халықаралық жылына" арналған іс-шараларды өткізу жоспарланғаны туралы ақпарат берілді.

Министрлер Кабинетіне 2022 жылдың 1 наурызына дейін "Таулы экожүйелерді сақтау және климатқа төзімділік жылы" жол картасын әзірлеу және бекіту тапсырылды.

Айта кетейік, Жапаровтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2022 жылды "Тау экожүйесінің тұрақты дамуының халықаралық жылы" деп жариялаған болатын.

Жаңалықтар