5

Қырғызстанда 5 наурыз – ақ қалпақ күнін мерекелеу аясында өткен шеруде ұлттық киімдер көрсетілді.

Ақ қалпақ күні – қырғыздардың ұлттық бас киімі-ақ қалпақтың құрметіне арналған мереке

05 Mart 2021 14:09

"Ақ қалпақ күні" - қырғыздардың ұлттық бас киімі – ақ қалпақтың құрметіне арналған мереке, ұлттық бас киімнің маңыздылығын сақтау мақсатында 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.

Мерекелік іс-шара Бішкектегі Ала-Тоо алаңында өтті.

Шараны Қырғызстан Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ұйымдастырды.

Іс-шараға барлық жастағы азаматтар қатысты.

Шеруде үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, этникалық азшылық өкілдері, ат спорты, садақ ату және аң аулау федерациясының өкілдері ұлттық киімдер мен әскери формаларды көрсетті.

Шерудің басында Қырғызстан Ұлттық гвардиясының сарбаздары иықтарына қырғыз туын алып жүрді, ал қырғыз халқының 40 ұрпағын білдіретін ер адамдар ақ киізден жасалған ақ қалпақтарды танытты.

"Манас" эпосынан үзінділер оқылып, халық әндері орындалды. Танымал әншілер патриоттық тақырыптағы әндерді орындады. Бағдарлама аясында би ансамбльдері өнер көрсетті.

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев азаматтарды мерекемен құттықтады.

Министр Қырғызстанның биыл тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтетінін еске салды. "Еркін халық және тәуелсіз мемлекет ретінде біз әлемді ұлттық киімдерімізбен таныстыруды жалғастырамыз" - деп толықтырды министр.

Anahtar Kelimeler: Қырғызстан, қалпақ күні, Қайрат Иманалиев,

Жаңалықтар