Қырғызстанда "Ататүрікті еске алу, жастар және спорт" мейрамы қырғыз-түрік лицейінде атап өтілді

Бішкек қаласында өткізілген арнайы іс-шараға түрік мекемелерінің өкілдері, мұғалімдер және оқұшылар қатысты.

20 Mayıs 2021 00:02

Кеше, Бішкекте қыздарға арналған қырғыз-түрік "Анадолу" кәсіптік лицейінде "Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне" арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара Қырғызстан мен Түркияның ұлттық әнұрандарын орындалуымен басталды. Мектеп оқушылары өлеңдер оқып, халық әндері айтып өнер көрсетті. Сондай-ақ, дәстүрлі киім көрмесі өтті.  

Түркия Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі Ахмет Садық Доған қатысушыларды мерекемен құттықтап, бұл күннің маңыздылығын ескертті.

Ресми салтанатқа Түркияның Бішкектегі елшілігінің білім жөніндегі кеңесшісі Харун Каржы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Бішкектегі өкілі Атынч Кескин, лицейдің мұғалімдері және де оқұшылар қатысты.

Жаңалықтар