Қырғызстанда Ходжалы қырғының құрбандарына арналған мемориалдық рәсім өтті

1992 жылы Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аумағындағы Ходжалы қаласында 613 адам қаза тапты, олардың арасында әйелдермен балалар да болған. Қырғызстанның астанасы Бішкекте мемориалдық бағдарлама ұйымдастырылды.

24 Şubat 2021 23:57

Бішкектегі Әзірбайжан елшілігі тарапынан ұйымдастырылған мемориалдық бағдарламада Ходжалы қырғынын туралы фотосуретті кітаптар ұсынылды.

Бағдарламаға елшілер, ғалымдар, үкіметтік ұйымдардың өкілдері, студенттер және де бизнесмендер қатысты. Ходжалы құрбандарына құрмет көрсетіліп, қырғынды баяндайтын "Ходжалы" деректі фильмін көрсетілуі өтті.

Әзірбайжанның Бішкектегі елшісі Хидаят Оруджов өз сөзінде армяндық әскери күштері 26 ақпан 1992 жылы  Әзірбайжанның Ходжалы қаласында "геноцид" жасағанын еске салды: "Бұл  тек ғана Әзірбайжан халқына емес, бүкіл адамзатқа жасалған ең ірі қылмыстардың бірі. Әзірбайжан 44 күндік соғыстан кейін жеңіске жетті, 30 жылдан кейін біздің аумақ оккупациядан босатылды, армян шовинистерінің қатыгездігі ешқашан біздің жадымыздан өшірілмейді. Ходжалы құрбандары мәңгі біздің есімізде болады" - деді ол.

"Түркия Таулы Қарабақ соғысына дейін және оның барысында Әзірбайжанды рухани, саяси және дипломатиялық түрде қолдады. Түркия Әзірбайжанды ғана емес, "әділеттілікті" қолдады. Сондықтан біз бауырлас Түркияға үлкен алғыс айтамыз, бізді қолдаған басқа елдерге де ризамыз" - деді Оручев мырза. 

Армян әскерлері 1992 жылы 25-26 ақпанға қараған түні Ходжалы қаласында тұратын Әзірбайжан азаматтарын өлтірді. Қырғында Әзірбайжанның 613 азаматы қаза тапты, олардың 106-сы әйелдер, 83-і балалар болған.

Жаңалықтар