2022

Қырғызстанда "Кобальт-2022" әскери жаттығулары өтті

Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің Қарулы Күштері "Кобальт-2022" оқу-жаттығуы өтті.

06 Ağustos 2022 14:49

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде елдің Ыстықкөл-Эдельвейс ауданында өткен әскери оқу-жаттығуларға ҰҚШҰ-ның Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан әскери күштері қатысты.

"Кобальт-2022" деп аталатын оқу-тәжірибелік жаттығулар террористік ұйымдарды анықтау және залалсыздандыру, сондай-ақ қару қоймаларын табу, есірткінің заңсыз айналымы арналарын бұғаттау және есірткі заттарын жою мақсатында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Қырғызстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Ерлис Тердикбаев, ҰҚШҰ Бас хатшысы генерал Станислав Зас және Қырғызстанның Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековтың қатысуымен әскери шеру мен марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

 

Жаңалықтар