Қырғызстанда мемлекеттік ту күні атап өтілді

Қырғызстанда бүкіл ел бойынша мемлекеттік ту күніне орай ресми рәсімдер өтті.

03 Mart 2022 12:57

Қырғызстанның туы қызыл түсте, ортасында киіз үйді бейнелейтін алтын күн және одан шыққын 40 күн сәулесі бейнеленген. Тудың авторлары - Еділ Айдарбеков, Бекбосын Жайшыбеков, Сабыр Иптаров, Жүсіп Матаев және Маматбек Сыдықов. Ресми ретінде мемлекеттік ту күні 2010 жылдан бастап атап өтіледі.

Президент Садыр Жапаров мемлекеттік ту бекітілгеніне 30 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде, қызыл ту елдің тәуелсіздігі мен бостандығын, қырғызстандықтардың рухани құндылықтары мен тарихи жолын бейнелейтінін айтты. Өз сөзінде Қырғызстан президенті елдің болашағы үшін халықтың біртұтас ту астында бірігуі тиіс екенін атап өтті.

Жаңалықтар