4

Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші Консультативтік кездесуі өтті

Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші Консультативтік кездесуі өтті.

22 Temmuz 2022 03:08

21 шілдеде Чолпон-Ата Орталық Азия мемлекеттері басшыларының төртінші консультативтік кездесуі өтті.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен өткен саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан Президенті Имамали Рахман және Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты.

Өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі заманғы тәуекелдері мен қатерлеріне қарсы іс-қимылдың бірлескен шаралары бойынша ынтымақтастықты нығайту, Орталық Азия елдерінің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында өңірлік әріптестікті кеңейту перспективалары және белсенді мәдени және гуманитарлық алмасуларды жалғастыру мәселелері талқыланды.

Климаттың өзгеруі мәселесі бойынша ынтымақтастыққа шақыру

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі ауа температурасы әлем бойынша орташа деңгейден жылдам өсіп келе жатқанын атап өтіп, көрші елдерді осы мәселеде ынтымақтастыққа шақырды.

Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен саясатты іске асыру үшін жобалық кеңсе құру қажет.

"Соңғы 50 жылда Қазақстандағы мұздықтар 20-30 пайызға азайды. "Қазақстанда 2 724 мұздық бар. Соңғы 38 жылда Қазақстандағы ең ірі Түйік-Су мұздығы 1 километрге қысқарды. Бұл 2040 жылға қарай ресурстардың 20 пайыздан астамының азалуына әкеледі," - деді Мемлекет басшысы.

Аймақтық телеарна мен жаңалықтар сайтын құру

Тоқаев өңір елдерінің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіретін жарияланымдарға қарсы шаралар қабылдау қажет екенін мәлімдеді және былай деді: "Біз мемлекетаралық және этносаралық  қарым-қатынасымыздың нашарлауына қарсы бірігуіміз керек. Бұл тұрғыда елдеріміздің ортақ телеарнасы мен жаңалықтар сайты құрылуы қажет деп ойлаймын."

 

Жаңалықтар