Қырғызстанның Қарахан мемлекеті кезеңіне тиесілі тарихи ескерткіштері

Қарахан - ислам дінін қабылдаған алғаш түркі мемлекет. Қырғызстанға бұл кезеңге тиесілі көптеген тарихи ғимараттарды көру үшін туристер келуде.

29 Mayıs 2021 22:15

Өзген қаласының орталығында орналасқан, қызыл кірпіштен салынған "Өзген" мұнарасының биіктігі 27,4 метр.

Ферғана алқабынан шығысқа қарай, Қара Дария өзенінің жағасындағы археологиялық және архитектуралық ашық мұражай кешенінде орналасқан мұнара, тарихи Жібек жолы бағытында орналасқан.

Мұнараның орналасқан аймағындағы кірпіштен жасалған өте үлкен, жабық кесенеге аса назар аударылады.

Көршілес үш бөлік пен бір кіреберіс есігі бар кесене, Қарахан заманында хандарға, олардың отбасыларына және танымал адамдарға тиесілі болған деп саналады. Бұл жерде жүргізілген қазба жұмыстарында 60-қа жуық адамның сүйектері табылған.

Мұнара және оның аймағындағы тарихи ескерткіштер көптеген туристерді қызықтырады.

Жаңалықтар