Қырғызстанның көрікті жерлері: "Конорчок" шатқалы

Өзінің табиғи сұлулығымен танымал "Конорчок" шатқалы, туристердің назарын аударуда.

03 Nisan 2021 23:42

Қырғызстандағы ең жарқын және есте қаларлық жерлердің бірі - "Конорчок" шатқалы. 

"Конорчок" Қырғызстанның астанасы, Бішкек қаласынан 120 шақырым алыстығында, Тянь-Шань тауларындағы Боом алқабында орналасқан. 

Мыңжылдық эрозиядан пайда болған шатқалдың атауы осы аймақта өсетін "Конорчок" өсімдігінен шыққан.

Шатқалдың сыртқы көрінісі барыс, бүркіт секілді әр түрлі жануарларды еске салады, ал қызыл түсті төбелері туристерді қызықтырады.

Суық қыс пен ыстық жазға қарамастан, шатқалды көргісі келгендер үшін жылдың төрт мезгілінде арнайы турлар өткізіледі.

"Конорчок" шатқалына келген туристер көбінесе серуендеп, пикник жасайды.

Anahtar Kelimeler: Қырғызстан, Туризм,

Жаңалықтар