Қырғызстанның көрікті жерлері: "Жеті Өкіз алқабы" және "Ғажайып Шатқалы"

Қырғызстанда орналасқан "Жеті Өкіз" алқабы және "Ғажайып Шатқалы" туристер тарапынан қызығушылық көруде.

31 Mart 2021 00:35

Қырғызстан - таңғажайып табиғаты, көптеген көрікті жерлері бар ел. Солардың бірі ежелгі аңыздарда сипатталған "Жеті Өкіз" алқабы және "Ғажайып Шатқалы". Керемет қарағай ормандарымен, тауларымен сондай-ақ сарқырамамен бұл жерлер жергілікті әрі шетелдік туристерді қызықтырады.

"Жеті Өкіз" алқабы Ыссық көлінің оңтүстік жағалауында, Алатау тауларының баурайында орналасқан.

Өз атауын "кіреберісте бүйірден салынған бұқаларға ұқсайтын қызыл төбеден" алған алқап, сонымен қатар ортасында бөлінген жүректі еске түсіретін төбесімен туристерді қызықтырады. Бұл төбеге әсіресе ерлі-зайыптылар жиі келеді.
Аймақта сауықтыру орталықтары бар, ұлттық шатыр секілді жасалған бұл орталықтарда бие сүтімен емдеу қызметі де ұсынылады.

"Жеті Өкіз" алқабының аймағында 40 метрлік сарқырама бар, сарқыраманын айналасында көптеген адамдар серуендеп, демалады.

"Ғажайып шатқалы"

Шатқал Ыстықкөл көлінің оңтүстік жағалауында, Қаракөл қаласынан 100 шақырым алыстығында орналасқан. 

Адамның қолы тимеген табиғат, таза ауа және шатқалдың көркемді фигуралары барлық туристерді таңқалдырады.

Бұл табиғи жердің көрінісі жануарларға және ертегі кейіпкерлеріне ұқсағаны үшін "Ғажайып Шатқалы" деп аталған.

Шатқалдың кейбір түрлері белгілі бір нысандарға ұқсайды және сәйкесінше аталады. Мысалы, бір жотаны "Қытай қабырғасы" деп атайды. Себебі бұл Қытайдың ұлы қабырғасына ұқсайды. Сонымен қатар, айдаһар, гиппопотам, жылан, ұйықтап жатқан құбыжық секілді фигураларды көзге елестетуге болады.

Бұл жерге келген туристер естелік суретке түседі.

Anahtar Kelimeler: Қырғызстан,

Жаңалықтар