Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайы

Қырғыз халқының ұлттық мақтанышы болып табылатын тарихи және мәдени ескерткіштер сақталған Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайы Бішкек қаласының маңызды көрікті жерлерінің бірі.

25 Mart 2022 16:48

Бішкектің бас алаңында орналасқан мұражай 1925 жылы құрылды.

Бірнеше рет атауын өзгерткен мұражайдың негізін қалаушы - этнограф Саул Абрамзон.

1925-1933 жылдары мұражай Қырғызстанның Орталық мұражайы деп аталған, ал 1933 жылы Аймақтық зерттеулердің мемлекеттік мұражайы болып өзгертілді.

1943-1954 жылдары Ұлттық мәдениет музейі деп аталды. 1954 жылы Қырғыз КСР-ның "Мемлекеттік тарихи мұражайы" болып өзгертілді.

Мұражайда Қырғыз халқының ежелгі палеолит дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тарихын бейнелейтін 10 мыңға жуық түпнұсқа жұмыстар ұсынылған. Бұл көрме ғылыми мазмұны мен өнері жағынан Орталық Азиядағы ең үздік мұражайлардың бірі болып саналады.

Мұражайдың сыртқы қасбетін қайта құру және алаңын көгалдандыру жұмыстары ТИКА (Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі) тарапынан жүргізілді.

Ұлттық тарих мұражайы жөндеу жұмыстарына байланысты 2016 жылы жабылды.

Қырғызстанның көптеген аймақтарындағы маңызды жобаларға қол қойып, ТИКА Қырғызстанның Ұлттық тарих мұражайын жөндеуді тапсырды.

Бес жарым жылға жабылған Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайы 2021 жылдың қарашасында келушілерге есігін қайтадан ашылды.

Жаңалықтар