Қырғызстанның інжу-маржаны: Ыстық көл

Қырғызстанның солтүстігінде орналасқан Ыстық көл өзінің сұлулығымен көз тартады.

05 Mayıs 2021 15:18

Қырғызстанның солтүстігінде теңіз деңгейінен 1608 метр биіктікте орналасқан Ыстық көл, өзінің мөлдір таза суымен, ыстық құмды жағажайларымен, табиғатымен және дәмді балығымен туристерді өзіне тартады.

Шыңғыс Айтматовтың көптеген аңыздары мен романдарының тақырыбы болып табылатын Ыстық көл Қырғызстанның інжу-маржаны болып саналады. Оны солтүстіктен Күнгей Ала тауы, ал оңтүстіктен Тескей Ала таулары қоршап тұр.

Ыстық көл Оңтүстік Америкадағы Титикака көлінен кейінгі әлемдегі екінші ең үлкен тау көлі ретінде белгілі. Қарлы таулармен қоршалған болса да, көлдің "Ыстық" деп аталғаны оның ешқашан қатып қалмауынан шыққан. 

Ыстық көлдің жағалауының ұзындығы 988 шақырым, ал көлемі 6236 шаршы метр аумақты алып жатыр. Көлдің орташа тереңдігі - 278 метр, ал ең терең жері - 668 метр. Көлді 118-ге жуық бұлақ қоректендіреді.

Ыстық көл - көптеген санаторийлер, пансионаттар мен демалыс үйлерімен танымал демалыс орны.

Жаңалықтар