Қырғызстанның Парламенттік комитеті Конституцияға жаңа түзету енгізу туралы ұсынысты қабылдады

Қырғызстандағы президенттік басқару жүйесіне көшуді көздейтін Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсынысты, Конституциялық заң, мемлекеттік құрылым, сот және құқықтық мәселелер жөніндегі парламенттік комитет қабылдағаны хабарланды.

04 Mart 2021 15:20

Парламенттің баспасөз орталығының мәлімдемесінде, Әділет министрлігі дайындаған "Конституцияға өзгерістер енгізу" туралы ұсыныс конституциялық заң, мемлекеттік құрылым, сот және құқықтық мәселелер жөніндегі парламенттік комитет тарапынан 2,5 ай бойы талқыланып қабылданғандығы айтылған. Белгілі болғандай, Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсынысқа президенттік басқару жүйесі кіреді. Ұсынас "Халық Құрылтайы" деп аталатын жаңа орган құруды және мемлекет басшысына кең өкілеттіктер беруді көздейді. Конституция жобасы жергілікті сайлаумен бір уақытта, 11 сәуірде референдумға шығарылады деп күтілуде.

Anahtar Kelimeler: Қырғызстан, Конституциялық, Референдум, Құрылтай, Жапаров,

Жаңалықтар