Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев: "Қырғызстан мен Түркия бір тіл және де бір дінге ие, бауырлас елдер"

Түркия мен Қырғызстан СІМ басшылары кездесу қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өткізілді

10 Mart 2021 18:17

Қазақбаев түрік делегациясы басшысының Қырғызстанға жасаған сапарына қанағаттанушылық білдіріп, көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

"Чавушоглу, президенттік сайлаудан және жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімінен кейін Қырғызстанға сапармен келген алғашқы Сыртқы істер министрі болды" - деді Қазақбаев.

Сонымен қатар, Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің басшысы, Түркия Қырғызстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болғанын еске салды.

"Түркия әр түрлі жағдайларда -  елдегі саяси дағдарыс немесе пандемиямен күрес болсын, әрдайым бізге қолдау көрсетті" - деп жалғастырды министр.

"Анкара қаласына ресми сапармен келген кезімде Қырғызстанда Түркияның білім беру қорын (Маариф) ашу туралы келісімге қол қойылды. Қор біздің елімізде ең жақын уақытта жұмыс істей бастайды. Оқу орындары ашылуын күтеміз" - деді Қазақбаев.

Қазақбаев кездесу барысында өзара қызығушылық тудыратын жан-жақты мәселелер талқыланғанын атап өтті.

Түркия СІМ басшысына екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға және мемлекетаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін министрлердің ресми кездесуі барысында "Халықаралық ынтымақтастықты нығайту" медалі берілді.

Anahtar Kelimeler: Чавушоглу, Қырғызстан, ресми сапар, Сыртқы істер министрлігі,

Жаңалықтар