Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы шектеу шараларын алып тастауды сұрады

Бұл туралы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев мәлімдеді.

13 Ağustos 2021 14:46

Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның Бішкектегі Елшісі Рәпіл Жошыбаевты қабылдады, делінген СІМ хабарламасында. Қазақбаев қырғыз азаматтарының Қазақстанға еркін жүріп-тұруы және Қырғызстаннан келген көліктердің екі ел аумағындағы транзиті жөніндегі шектеу шараларын алып тастау қажеттігіне назар аударды. Айта кетейік, Қазақстан коронавирустың таралуын алдын алу үшін Қырғызстаннан Қазақстанға тек ғана туыстары бар адамдарға, жерлеу рәсіміне немесе іс-сапармен келгендерге рұқсат берді.

Жаңалықтар