Қырғызстанның табиғат кереметі - "Жеті өгіз" алқабы

Аты аңыздарға айналған "Жеті өгіз" алқабы, жергілікті және шетелдік туристерді қызықтырады.

21 Mayıs 2021 20:24

"Жеті өгіз" алқабы Ыстық көлінің оңтүстік жағалауында, Тескей Алатау тауларының баурайында орналасқан.

Бұл табиғи жер, қарағайлы ормандарымен, сарқырамаларымен, тауларымен және таза ауасымен адамдардың назарын тартады. Табиғи сұлулығымен және таза ауасымен қатар, алқапта орналасқан бие сүтімен емдеу орталығы "Жеті өгіз" аймағын әйгілі жерге айналдырды.

Сонымен қатар, алқаптың айналасында жарты-жүрек жартасы орналасқан. Бұл жерге көбінесе жастар келіп, бір-біріне болған сезімдерін жариялайды.

"Жеті өгіз" аңызы

Алқап, өз атауын кіреберісте қатар орналасқан бұқаларға ұқсайтын қызыл төбелерден алады.

"Ежелгі уақытта өте бай хан өмір сүріпті. Оның сұлу қызы болыпты. Ханның қызы әкесінің бұқаларына қарайтын бақташыға ғашық болыпты. Бір-біріне сезімі болған жастар бірге қашып кетеді екен. Бұл туралы білген хан қызын табу үшін барлық жерге адамдарын жібереді екен. Ақыры екі жасөспірім табылады. Ханның қызметкерлері қыздың алдында қойшы мен оның жеті өгізін өлтіреді екен. Мұндай ауырсынуға төтеп бере алмаған қыздың жүрегі жарылып, жүрегі қан тамған жерде екі бөлек бөлікке бөлінген сынған жүрек пайда болыпты. Ал, өлтірілген жеті өгіз қызыл тастар тізбегіне айналыпты."

Осындай қызықты аңыздар "Жеті өгіз" алқабына деген қызығушылықты одан әрі ұлғайтады.

Anahtar Kelimeler: Қырғызстан туризмі,

Жаңалықтар