Қырым татар кестелері

Қырым татарлары ғасырлар бойы ұлттық кесте дәстүрін сақтап келеді

07 Mart 2021 01:14

Бала кезінен бастап Қырым татар қызы тоқуды үйренеді. Тұрмысқа шыққанға дейін 200 метрге жұық матаны тоқып, кесте тігуге уақыт бөлуі керек. Жаңадан келін болған қыздың бөлмесінде сүлгілер, қалындықтың жасауын орайтын маталар және де ең маңыздысы Құранды орайтын арнайы қап болуы керек. 

Қырым татар әйелдерінің гардеробында ерлерге қарағанда кесте тігілген киімдер көптеу болады. Көйлектер, көкірекшелер, алжапқыштар, бас киімдер, аяқ киім, барлығы кестемен тігіледі. Көбінесе мақтадан жасалған маталар кестеленеді бірақ әр адам өз жағдайына қарай жібек, атлас немесе барқыт сияқты маталарды да қолдана алады. 


Кесте кейде комуникативті рөл атқарады. Мысалы, жас жігіт өзіне ұнайтын қызға таза орамал берсе, бойжеткен қыз өзінің кестесімен оған деген көзқарасын көрсетеді: кішкентай гүл – "Қош бол", ал керемет және бай кесте – қыздың тұрмысқа шығуға дайын болғанын ескертеді.

Anahtar Kelimeler: Қырым татар кестелері,

Жаңалықтар