Қырымда қалған түркі-ислам мәдениетінің үлгілері: Өзбек-хан мешіті

Өзбек-хан мешіті, Алтын Орда дәуірінен күнімізге дейін жеткен тарихи ескерткіш.

22 Mayıs 2021 11:10

Мешіттің тәж қақпасындағы жазбада ғимарат 1314-1315 жылдары салынған деп жазылған.

1783 жылы Қырымның Ресей билігіне енуімен бірге Өзбек-хан мешіті көптеген жылдар бойы қаңырап, бос қалды.

1864 жылы "Коз" ауылының бір тұрғыны мешітті қалпына келтіруге тырысқан деп айтылады.

Кеңес заманында мешіт тарихи ескерткіш ретінде танылып, 1932 жылы бұл жерде ғибадат етуге тыйым салынды. Содан кейін мешіт тарихи кітап және жазбалардың сақталған орны ретінде қалды.

1944 жылы Қырым татарларының сүргінінен кейін қойма ниетінде қолданылды.

Мешітте 1970 және 1980 жылдары жөндеу жұмыстары өткізілді. 1990-шы жылдардың басында отанына оралған Қырым татарлары шектеулі мүмкіндіктерімен мешітті қалпына келтірді, сонымен қатар, қайтадан ғибадат етуге рұқсат етілді.

Өзбек-хан мешіті қазіргі уақытта ғибадат ету мақсатында қолданылатын, Алтын Орда дәуірінен қалған жалғыз тарихи ғимарат болып табылады.

Украина Ұлттық Банкі 2014 жылғы 10 қазанда "Украина сәулет ескерткіштері" сериясында "Өзбек-хан мешіті және медресесіне 700 жыл" деп аталатын естелік монеталарын шығарды.

Anahtar Kelimeler: Өзбек-хан мешіті,

Жаңалықтар